$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда жүргізуші көлігін Тумен жауып алғаны үшін айыппұл арқалады

Жол қауіпсіздігін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 595-бабының 1-бөлімімен, 630-баптың 1-бөлімімен хаттамалар толтырылды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Атырауда Туды көлігіне жауып, жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері темір жол вокзалы жанындағы сауда үйінің алдында Қазақстан Республикасының Туын көлігінің капотына жауып алған жүргізушіні ұстаған.

«18 мамыр кешкі сағат 20:30 шамасында «Mitsubishi L300» және «Mercedes Benz» көліктерінің жүргізушілері вокзал алдында жол ережесін бұзып, бірнеше рет айналу маневрін жасаған. Жол жабындысын ластап, сигнал бермеген. Жол қауіпсіздігін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 595-бабының 1-бөлімімен, 630-баптың 1-бөлімімен хаттамалар толтырылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бұған қоса «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 458-бабының 1-бөлімімен (ҚР Мемлекеттік Туын пайдалану және тәртібін бұзғаны үшін) 138 900 теңге айыппұл салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары