20.05.2020, 09:20

Қостанай облысында жолаушылар тасымалдайтын көлік жол үстінде түгі қалмай жанып кетті

Оқиға Қашар кентіндегі жанар-жағармай бекеті маңында болған.

 Қостанай облысында «Volkswagen t4» көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Оқиға Қашар кентіндегі жанар-жағармай бекеті маңында болған. Жолаушылар тасымалдауға арналған «Volkswagen t4» автокөлігі жол үстінде өртеніп кеткен.

«Өрт ауқымы 4 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша көлік қозғалтқышындағы сымдар тұйықталып, өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше көлік түгелдей жанып кетті. Қазір шығын көлемі есептелуде», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.