2020 жылғы 17 мамырда ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жалға алынған гаражда синтетикалық есірткі жасауды және оны «қойылма» деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған Қазақстан Республикасының «К» деген азаматын ұстады. бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Есірткі зертханасында тінту барысында шамамен 500 гр «A-PVP» синтетикалық есірткісі, құтылар, таразы, магнитті араластырғыштар, вакуумды сорғы, электр плитасы, сондай-ақ психотроптық зат қалдықтары бар әртүрлі ыдыстар және 70 литр әртүрлі прекурсор алынды.
Одан басқа, психотроптық заттың салмағы шамамен 2,5 кг болатын 5 «қойылма» табылып, алынды.
Жиынтығында жүргізілген іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан құны «қара нарықта» шамамен 60 млн. теңгені құрайтын шамамен 3 кг «А-PVP» психотроптық заты алынды", - делінген ҰҚК-нің хабарламасында.
«К» деген азамат ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.