Киевте халық депутаты Валерий Давиденконың мәйіті табылды. Ол парламенттегі "Доверие" тобының мүшесі болған, деп хабарлайды Strana.uа.
Давиденко Киевтің дәл орталығында - Бессарабия базарының жанындағы ғимаратта көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл - суицид. Бірақ әзірге тергеудің ресми қорытындылары жоқ. "Страна" хабарлағандай, жарақаттанған депутаттың денесін тазалықшы әйел тауып алған.
Депутаттың өлімі туралы алғашқы хабарды «Оппозициялық платформа - өмір үшін» партиясының депутаты Илья Кива facebook-те жариялады.
фото: gazeta.ru
Мәйіттің жанынан тапанша табылған. Құқық қорғау органдары ол өзін-өзі өлтірген бе, жоқ па соны анықтайтын болады.
Экс-депутат Игорь Мосийчук кісі өлімі болған жерден сурет жариялады. Ол кісі өлімінің өзін-өзі өлтіру әрекетіне ұқсайтынын айтты. Сондай-ақ "мәйітті әжетханадан тапты, оң жақ жекесінде жарақат бар", - деді ол.