$ 444.22  476.38  4.82

Пәтерден шыққан өрт танымал рэпердің өмірін алып кетті (ВИДЕО)

Купер - Bad Balance тобының мүшесі, DA 108 тобының бұрынғы қатысушысы, жеке рэп-орындаушы.

Ресейлік Bad Balance хип-хоп тобының қатысушысы Роман Купер Алексеевтің Санкт-Петербургтегі пәтерінде өрт шығып, рэпер қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Купер (Роман Алексеев) арамыздан кетті... 23 мамырда Купер Петербургтің Выборгский ауданындағы өртте өртеніп кетті. Онымен бірге анасы Людмила қаза тапты. 25 мамырда сот-медициналық сараптама болады. Купер әлі тірі деген үмітіміз бар...", - деп жазылған топ сайтында. 

Купер - Bad Balance тобының мүшесі, DA 108 тобының бұрынғы қатысушысы, жеке рэп-орындаушы. 

"Купердің "ЙЯ" атты жеке альбомы шыққан, оның бірегей рэп-стилі бар, "Питер - Я Твой" атты өлмейтін хиттің пайда болуына қатысқан", - деп жазылған хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#рэпер