$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Локомотив бригадасының тексеру нәтижесінде 23 вагонның істен шыққаны анықталды.

Қостанай облысында жүк пойызы Қазанбас-Апан учаскесіндегі рельстен шығып кетті. Бұл туралы Baq.kz-ке "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

"Апат 24 мамырда 14.40-та болған. Қостанай облысындағы Құсмұрын-Тобыл бекетіндегі Қазанбас-Апан учаскесінде жүк пойызымен келе жатқан жүргізуші локомотивтің қысым манометріне сәйкес вагондар арасындағы ауа қысымының төмендеуіне байланысты апаттық тежеуішті басады. Локомотив бригадасының тексеру нәтижесінде 23 вагон істен шыққаны анықталды, байланыс желісі мен теміржол трассасына да зақым келген", - деп түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Бос вагондары бар пойыз сағатына 68-70 шақырым жылдамдықпен жүрген, дегенмен, бұл бөлімде белгіленген жылдамдық сағатына 70 шақырым болған. Қазіргі уақытта оқиғаның зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда.

"Оқиғаның себептерін анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК АҚ және "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ басшылығының қатысуымен комиссия құрылды", - деп толықтырды департаментте.

Айта кету керек, 2019 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы облысындағы Шамалған станциясында жолаушылар автобусымен пойыз соқтығысқан еді. Автобуста 20 адам болған, олардың 16-сы кабинадан шығып үлгерген. Автобус жүргізушісі қайтыс болған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары