27.05.2020, 03:55

Ақтөбеде жол ортасында жаппай төбелескен жастар ұсталды (ВИДЕО)

Төбелеске қатысқандар – 19-22 жас аралығындағы жігіттер. Тәртіп сақшылары олардың барлығын ұстап, полиция басқармасына жеткізді.

Әлеуметтік желілерге Ақтау қаласындағы жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Бұл жайт көшеде, көлік жолының қақ ортасында болған. Жергілікті Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, lada.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан бір топ жас жігіттің 29-шағынауданда жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанын көруге болады. Оған қоса, олардың бір-біріне айқайлап, өзара ұрысқаны естіледі.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 25 мамырда түнгі 12-де болған. Төбелеске қатысқандар – 19-22 жас аралығындағы жігіттер. Тәртіп сақшылары олардың барлығын ұстап, полиция басқармасына жеткізді.

Ұсталғандардың бәріне «шағын бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Жас жігіттер 1998, 1999 және 2000 жылдары туған. Потрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолдың арғы бетіне шығып, қашып құтылмақ болған оларды көп ұзатпай ұстап алды. Бұзақылар Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, олардың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабы бойынша хаттама толтырылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.