АҚШ-та екі ауызы мен екі тілі бар қыз бала дүниеге келді. Бұл жағдай дәрігерлер мен әлем жұртшылығын таңқалдырып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Известия басылымына сілтеме жасап.
Ұрықтың дамуындағы ауытқушылықтар жүктіліктің үшінші айының үшінші апталығында анықталған. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде жақтың оң жағында қалыптан тыс масса көрінген. Алайда дәрігерлер бұл туа біткен ісік немесе фиброзды дислозия деп жорамалдаған.
Дегенмен, сәби дүниеге келгеннен кейін оның қалыптан тыс екі аузы мен кесілмеген тістерінің бар екені белгілі болды. Сонымен қатар екінші тіл негізгі тілдің қимылдарын қайталайтыны анықталды.
Алты айдан кейін сәбиге ота жасалып, дәрігерлер оның екінші ауызын алып тастаған. Дәрігерлер сирек кездесетін патологияға, яғни, дипрозопияға немесе бет құрылымдарының қайта дамуына қарамастан, нәрестенің денсаулығында басқа ауытқулар болмағанын атап өтті.