03.06.2020, 01:05

АҚШ-та ереуілшілер атқан оқтан 4 полиция жараланып қалды

фото: salamnews.org
«Қала орталығында офицерлерге әлі де оқ атылуда және оқиға туралы толық ақпараттарды бөлісіп отыратын боламыз» деп жазды Полиция департаменті.

Америка Құрама Штаттарындағы толқулар кезінде Сент-Луис полициясының 4 қызметкерін атып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz, New York Post-қа сілтеме жасап.

Сент-Луис метрополитен полициясының хабарлауынша, сейсенбі күні 4 офицерге оқ жаудырылып, полицейлер ауруханаға жеткізілген. Полиция департаменті «Қала орталығында офицерлерге әлі де оқ атылуда және оқиға туралы толық ақпараттарды бөлісіп отыратын боламыз» деп жазды Twitter парақшасында, түнгі сағат 2 мөлшерінде.

Айта кетейік, Джордж Флойд есімді қара нәсілді жігіттің полиция қолынан қаза табуына байланысты, АҚШ-та бейбіт шерудің соңы тонау мен зорлық-зомбылыққа ұласып жатыр.