04.06.2020, 15:40

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Өртеніп жатқан автобустың видеосы әлеуметтік желіде таралуда.

Алматыда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік отқа оранды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Медеу ауданында автобустың өртенгенін растады.

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, қоғамдық көлік Назарбаев даңғылы мен әл-Фараби көшесінің қиылысында өртенген.

Өртеніп жатқан автобустың видеосы әлеуметтік желіде таралуда.

Тегтер: Автобус өрті