Әлемді үрейге бөктіріп отырған COVID-19 пандемиясының салдары өте ауыр болып тұр. Экономикалық жағынан ғана емес адамзат қоғамына моралдық, психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып жатыр. Әлемнің әр түкпірінде суицид, отбасылық кикілжің, тұрмыстық дау-жанжал секілді оқиғалар күрт өсіп, қылмыс өршіген. Мұндай жайттар еліміз де тіркеліп жатыр. Жаппай карантин кезінде ел аумағында кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсауға оқталу оқиғасына қатысты 114 жағдай тіркеліпті. Ең сұмдығы бұлардың 46-сы кәмелетке толмағандардың өлімімен аяқталған, деп хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Парламент Мәжілісінің депутаты Артур Платоновтың айтуынша, кәмелет жасына толмаған балалардың өз-өзіне қол салу көрстекішінде Түркістан облысы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстары жайғасқан. «2017және 2019 жылдары аралығында статистикаға көз салсақ балалар арасындағы суицдтің артып бара жатқаны байқалады. Қоғам арасында өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылғандарға үлкен сынмен қарайтындар көп. Осындай теріс пікір қалыптасқандықтан көптеген ата-аналар мұндай қайғылы жағдайларға тап болған балаларын жұрттан жасырып қалады. Баланы дер кезінде білікті мамандарға көрсетпейді. Балаларының болашағы үшін алаңдайды. Өйткені мұндай деректер тіркелсе ертең жұмысқа немесе әскери борышын атқарар кезде алдарынан шығып кедергі бола ма деп қорқады. Яғни мұндай оқиғалардың көбі статистикаға енбей тыс қалып жатады», - дейді депутат.
Осылай деген ол балалар денсаулығы мен тәрбиесіне, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидке қарсы жұмыстар неге нәтиже бермей отырғанын сұрап вице-премьер Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады.