Зардап шеккен қыздың анасы оның жұмысқа орналасу үшін анықтама алуға шыққанын, бірақ адасып кеткенін мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.
17 жастағы қызды бірнеше рет зорлау туралы ақпарат 23 мамыр күні Facebook-тегі құқық қорғаушы парақшасында пайда болды.
Даладағы адамдардан көмек сұраған кезде ер адамдардың бірі оны керекті жеріне апарып тастауға уәде еткен. Алайда оған көмек көрсетудің орнына көлікте зорлап, қаланың ортасында тастап кеткен.
Қай жерде екенін түсінбеген қыз адамдардан көмек сұрайды. Осы кезде оған тағы да біреу көмектесуге уәде берген. Ер адам оны ешкім жоқ жерге апарып, зорлаған, кейін оны досына құрылыс жүріп жатқан жерге қалдырып кеткен. Қызға көмек көрсетудің орнына, ер адам қонақ үйден бөлме алып, жәбірленушіге зорлық-зомбылық көрсеткен.
Таңертең, қонақ үйден шығып, қыз қайтадан қалада сандалып жүрген. Мұны кездейсоқ кетіп бара жатқан ер адам көріп, ол да зорлаған.
Кейінірек қыз жұмысқа орналасқысы келген дүкен жаққа келген. Сол жерде оны жұмыс беруші байқап, не болғанын біліп, полицияны шақырған. Полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеу басталған.
Кейін полицияда күдіктілердің жеке басы анықталғанын айтты. Аталған тұлғаларға қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат" бұлтартпау шарасы таңдалғандығын "Астана "телеарнасы хабарлады. БАҚ мәліметтері бойынша, сараптама олардың іске қатысы барын көрсетті. Ал күдіктілерді бақылау камераларының көмегімен табылған.