Бүгін таңертең сағат сегіздердің шамасында Арыс қаласына таяу жердегі әскери горнизонда жарылыс болып, елді дүрліктірді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты.
Басылымның жазуынша, «Бомбаның жарылған дауыстары үздіксіз естіліп тұрды. Алғашқыда мұның не екендігін түсіне алмай қалдық. Үйдің шатырына шығып қараған тұрғындар да болды. Осы сәттен кейін қаланың көшелерінде сапырылыс, көлік тығыны бола бастады. Кейбір адамдардың қаланы тастап қашып жатқаны айтылды. Қазір Арыстағы тіршілік қалпына түсті», - деп мәлім еткен Арыстық тұрғындардың бірі.
Аталмыш дерек көзінің жазуынша, сол күні Арыс қаласындағы әскери оқ-дәрі қоймасында жоспарлы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Ал оған дейін Арыс қалалық әкімдігі тұрғындарға 9 маусымда әскери горнизон аумағында жоспарлы залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілетінін, оның Қорғаныс министрлігінің мамандарының бақылауында болатынын, үрейленуге негіз жоқтығын, жалған ақпарат таратушылардың заңға сәйкес жауапқа тартылатыны туралы хабарланған.
Естеріңізге болса өткен жылдың 24-маусымда Арыс қаласындағы әскери оқ-дәрі қоймасында өрт болып, оның соңы алапат жарылысқа ұласқан болатын. 4 әскери қызметші қаза тапты. Елу мыңнан астам тұрғын қаланы тастап шыққан. Сод бері Қорғаныс министрлігі қоймада жарылмай қалған оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ескерту!
Арыс қаласындағы жарылыс пен жоспарлы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетіні туралы деректерді өзге ақпарат құралдары мен Қорғаныс министрлігі сайтынан көре алмадық.