14.06.2020, 09:50

6 жасар атыраулық қыз кенеттен көз жұмды

фото: pixabay.com
Осы орайда, Атырау облысы ТЖД-нің қызметкерлерң ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

Атыраулық 6 жасар қыз дәретхана тесігіне құлап кетіп, соның салдарынан қаза болды. Бұл туралы өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ATPress.kz хабарлады.

Оқыс оқиға 13 маусымда Қарадепо шағын ауданында болды. Қыз кешқұрым сағат 8:00 шамасында ойнауға шыққан. Содан арада екі сағат  өткенде оның денесі шұңқырдан табылған. Қазылған шұңқырдың тереңдігі 2 метр.

Осы орайда, Атырау облысы ТЖД-нің қызметкерлерң ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.