$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ полицейлері тағы бір афроамерикалықты атып өлтіріп, «отқа май құйды» (ВИДЕО)

Рэйшард Брукстың өлімінен кейін бас көтерулер қайта басталып, қалалық полиция бастығы Эрика Шилдс өз еркімен отставкаға кетті.

Джорджия штатында тағы бір афроамерикалықтардың полицейлер қолынан қаза табуына байланысты қоғамдық дүмпу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bairaq.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетсек, таяуда ғана бір афроамерикалық азамат полицейлердің оғынан жараланып, ауруханада жантәсілім еткен. АҚШ полициясының мәліметінше, 27 жастағы Рэйшард Брукс есімді афроамерикалық жігіт осы жұманың кешінде жараланған.

Сол күні тәртіп сақшыларына дәмхана алдындағы көлігінде ұйықтап жатқан адам туралы шағым түскен. Полиция қызметкерлері оны тексерген кезде ішімдік ішкені анықталған. Сол сәтте ол жаяу қашып кетпек болып, полицейлер артынан оқ атқан. Салдарынан Брукс ауруханада ота үстінде қаза тауыпты.

Қазір Джорджия штатының полиция тергеу бюросы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жұмыс істеп жатыр. Ал Рэйшард Брукстың өлімінен кейін бас көтерулер қайта басталып, қалалық полиция бастығы Эрика Шилдс өз еркімен отставкаға кетті. Бұл туралы қала мэрі Лэнс Боттомс мәлімдеді.

Енді Боттомс қаза тапқан азаматтың жақындарына көңіл айтып, жағдайды толыққанды тексеретіндерін де уәде етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары