16.06.2020, 11:20

Суға батқан қызды құтқарамын деп төрт адам көз жұмды

Фото: ашық дерек көзі
Үш ер адам мен әйелдің денесі іздестірілуде.

Забайкальедегі Онон өзенінде 15 жастағы жасөспірім қызды құтқарамын деп төрт адам қайтыс болды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Аймақтың тергеу басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға дүйсенбі кеше кешкісін Онон ауданында орын алған. Анықталғандай Онон өзінің бойында туыстар демалған. Олардың арасында қыз да болған.

"Шомылу кезінде 15 жастағы қыз судың иіріміне тап болып, бата бастаған. Үлкендер оны құтқару үшін өзенге секірген. Оларға жақын маңда балық аулап жүрген тағы үш балықшы қосылған. Нәтижесінде қызды құтқару мүмкін болды.

Алайда төрт ересек, соның ішінде 45 жастағы әйел мен 41, 58 және 64 жастағы үш ер адам батып кеткен", - деді ведомстводан.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Тергеушілер мен полицейлер оқиға орнын қарап шығып, куәгерлерден жауап алған. Табылған заттар сараптамаға жіберілген. Үш ер адам мен әйелдің денесі іздестірілуде.