16.06.2020, 12:40

Дәретханадан 6 жасар қыздың мәйіті табылды

Фото: ашық дерек көзі
Шұңқырдың тереңдігі 2 метр.

Атырау облысында алты жасар қыздың мәйіті дәретханадан табылды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың 13 маусымында сағат 21:50-де Атырау қаласы Қара Депо шағын ауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында дәретхана шұңқырынан туыстары алты жасар қыздың мәйітін алып шықты. Шұңқырдың тереңдігі 2 метр. Сол күні шамамен 19:50-де бала аулаға ойнауға шығып кеткен болатын.

Атырау облысы ТЖД балаларды ересектердің қарауынсыз ешқашан қалдырмауларыңызды ескертеді!