Табиғат ана қызық қой. Жер бетінің бір бөлігінде жаздың күні қыс болып жатса, екінші бетінде қыстың күні жаз шығып, жаңбыр жауып жатады.Осындай жағдай кеше Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының аумағында да тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы aiqyn.kz-ке сілтеме жасап.
Дәлірек айтсақ, Күршім ауданының Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін паром өткелі аумағында қызыл асықтан қар жауып, жасыл кілем жамылған таулы аймақ бір-ақ сәтте қыс шекпенін жамылды.