Лондондық ерлі-зайыптылар басынан өткен қызықты оқиға туралы әлеуметтік желіде ақпарат жариялады. Олар бөлмеге жөндеу жұмыстарын жүргізбек болғанда, ерекше хат тауып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Life.ru-ге сілтеме жасап.
Шарлотта Моррисон мен күйеуі Яриден үйіндегі бір бөлмеге жөндеу жұмыстарын жасамақшы болып, шешім қабылдайды. Содан бөлмедегі қабырғаның түсқағаздарын алып тастаған кезде үйдің бұрынғы иесі Джонның қалдырған хатын тауып алыпты.
Хатшы ашып қараса, ол 1997 жылы жазылған екен. Үйдің бұрынғы қожайыны хатында жөндеу жұмыстарын жасауға жоспарлағанын және сол үшін арнайы түсқағаздарды сатып алғаны туралы жазған. Дегенмен, ол жөндеу жасамақ болғанда бөлме үшін сатып алған түсқағаздарының саны жеткіліксіз болыпты. Бұл жағдайға көңілі түсіп кеткен ол, өзінен кейінгі әлгі бөлмеге тұратындардың өмірін жеңілдетпек болыпты.
Содан хатқа: "Егер үйдің жаңа иесі осы бөлменің түсқағаздарын өзгерткіңіз келсе, біліп жүріңіз, сізге түсқағаздың сегіз данасы керек. Мен алтауын ғана сатып алған едім. Өкінішке орай, жетпей қалды", - деп жазыпты.
Хатты оқыған ерлі-зайыптылар күлкіге қарық болған. Оны Шарлотта суретке түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялады. Ал Джонның хатын оқыған әлеуметтік желі қолданушылары аямай лайк басты.