Алматы облысында ер адам өзінің туған інісін маскүнемдігі мен аморальді өмір сүргені үшін өлгенше ұрып-соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл қылмысты полиция қызметкерлері тергеу арқылы бір тәулік ішінде ашты. Тергеушінің түйсігі мен кәсіпқойлығы кісі өлтіру дерегінің нақты бейнесін қайта құрай алды. Шелек ауылы ауруханасының жан сақтау бөліміне ұрып-соғылған күйде 62 жастағы жергілікті тұрғын түсіп, есін жыймастан көз жұмған. Аталған дерек ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркелді.
"Бастапқыда қылмыс бойынша ешқандай айғақ болмады. Зардап шегушіні алып кеткен үйде ешбір төбелес іздері болған жоқ. Көрші тұратын ағасы, сағат 01.00 шамасында оның еденде жатқан жарақаттары бар денесін көріп, дереу жедел жәрдем шақырғанын айтқан. Оның пікірінше, ұрып – соғу оқиғасы үйден тыс жерде болған", – дейді Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Сейілханов.
Тағы оқи отырыңыз: Ер адам әйелі мен сәбиін өлтіріп, артынша өзін-өзі өртеп жіберді
Бірақ тергеуші Денис Олшанский логикалық дәлелдердің дедукциясын пайдалана отырып, қылмыстық істі жедел түрде ашты. Ол жауап алу барысында күдіктіге бір-біріне жанама айғақтар ұсынып, оны әшкерелеген.
"Күдікті оларды жоққа шығара алмады. Оның сөзінше, ол ағасының өлгенін қаламаған. Тек маскүнемдігі, аморальдық өмір ұстанғаны және түнгі қыдырыстары үшін сабақ бермек болған. Гир спортымен айналысқан ол, үлкен физикалық күшке ие бола отырып, өзінің соққысын есептей алмаған. Ол өз өкінішін білдірді. Күдікті інісін ұрғаннан кейін, барлық іздерді мұқият жойып, полицейлерді алдап, жазадан құтылмақ болған", – деп толықтырды Сейілханов.
Күдікті қамаққа алынды. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін іс сотқа жіберіледі.