$ 494.87  520.65  4.91

Карантин кезінде үйінің ауласында беташар өткізген тараздық жазаланады (ВИДЕО)

Полиция қызметкерлері беташар ұйымдастырған адамды анықтады.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Тараз тұрғындары карантинге қарамастан үйінің ауласында беташар өткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Беташардың видеосын Instagram желісінде @kuandyk_sagynyw есімді қолданушы жариялады. Видео кадрларынан беташарға 50-100 адам келгені байқалады.

Жамбыл облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Тараздағы Шолдала тұрғын алабында болған.

"Полиция қызметкерлері үй жағдайында беташар ұйымдастырған адамды анықтады. Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу мәселесімен Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы айналысады", - деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары