$ 444.32  473.33  4.76

Белгісіз азамат түрме ауласына 17 ұялы телефон лақтырған

Белгісіз қаптама ішіне 17 ұялы телефон, 19 дана қуаттандырғыш құрылғы, 55 дана сим карта мен бір дана жад картасы жасырылған.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

​БҚО бойынша ҚАЖД РУ – 170/3 мекемесінің ауласына лақтырылған үлкен көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарауыл бекетінің сақшысынан сыртқы тыйым салынған аймақ тұсынан белгісіз біреу “белгісіз зат” лактырғаны туралы дабыл белгісі келіп түскен. Дабыл белгісі бойынша жеткен қарауыл және кезекші ауысым қызметкерлері түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағынан белгісіз полимерлі қаптаманы тауып тәркіледі.

Белгісіз қаптама ішіне 17 ұялы телефон, 19 дана қуаттандырғыш құрылғы, 55 дана сим карта мен бір дана жад картасы жасырылған. Қазіргі таңда ұялы телефондар тиісті органдарға беріліп, тиісті қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары