$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да демалыс базалары өртке оранды

Желдің салдарынан өрт үлкен аумақты қамтып, Өскеменнен қосымша 22 адам жіберілді.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында Дұбығалы көліне жақын маңда сөнбей қалған шоқ салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Құрғақ ауа райы мен желдің салдарынан сөнбей қалған оттың арты үлкен өртке ұласты. Дұбығалы көлінде демалатын адамдар көп, бірақ олар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. 29 маусымда сөнбей қалған оттың салдарынан «Окуньки» және «Қараша» демалыс базалары аумағында 45 гектар шөп өртке оранды», - деп хабарлады ТЖД-дан. 

Оқиға орнына Ұлан ауданы Таврия ауылында орналасқан өрт сөндіру бөлімінен 9 қызметкер және жергілікті атқару органдарынан 5 адам барды.Желдің салдарынан өрт үлкен аумақты қамтып, Өскеменнен қосымша 22 адам жіберілді. Өрт тек кешке сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ, демалыс базасы да зақымдалмады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары