$ 494.87  520.65  4.91

«Маған таңғалып қарады»: коронавирустан сақтану үшін алтын маска сатып алған

Ерекше қорғаныш құралының салмағы 2,5 келіге жуық, бағасы – шамамен 3 870 доллар (1,5 миллион теңгеден асады).
Фото: daletten.kz
Фото: daletten.kz

Үндістанда ер адам коронавирустан қорғану үшін 4 мың долларға алтын маска сатып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Үндістандағы Махараштра штатының тұрғыны күміс бетперде киген адамды көрген соң, алтын маскаға тапсырыс берген.

"Сол сәтте алтын маска туралы ой келді. Мен өзім алтын бұйымдарды жақсы көремін. Неге алтын бетперде тақпасқа деп ойладым. Содан кейін жергілікті зергерге тапсырым бердім", - деді Кураде.

Ерекше қорғаныш құралының салмағы 2,5 келіге жуық, бағасы – шамамен 3 870 доллар (1,5 миллион теңгеден асады). Ер адам бетпердеде тыныс алуға арналған саңылау барын айтты.  

"Оның тиімділігіне қатысты айтар болсам... Вирустан сақтану үшін бетперденің өзі жеткіліксіз екенін білеміз, ара қашықтық та маңызды. Сол себепті мен алтын маскамен көшеге шыққанда, әлеуметтік қашықтықты да сақтап жүремін", -деді Кураде.

Айтуынша, алтын бетперде жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің назарын аударған.

"Сыртқа алтын маскамен шыққанымда, бәрі маған таңғалып қарады. Бірақ бұл өңірдің халқы отбасымның алтынға әуестігін баяғыдан біледі. Алтын маска — мүлде жаңа дүние, сол себепті жұрттың қызығушылығын тудырды", - деді ер адам.

Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 648 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 400 мыңға жуығы жазылып шықты, 18 мыңы қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары