$ 444.32  473.33  4.76

20 мың Iphone тиеген жүк көлігі аударылып, өртеніп кетті

Көлікте Apple компаниясының Iphone 11 және 11 Pro Max өнімдері болған.

Iphone смартфондарын тиеген жүк көлігі өртеніп кетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы AutotimesNews қытайлық MyDrivers әлеуметтік желісіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жүк көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, рульді басқара алмауының салдарынан көлік аударылып, отқа оранды.

Көлікте Apple компаниясының Iphone 11 және 11 Pro Max өнімдері болған.

Басылымның мәліметінше, оқиға орнында 20 мыңнан астам Apple смартфоны жанып кеткен. Полиция қызметкерлері жол бойында шашыраған смартфондардың ұрланбауын қадағалауда. 
Ұрланған жағдайда Apple компаниясы Америка Құрама Штаттарындағы заңға сәйкес «заңсыз алынған» деп танылып, дүкендерге жетіп үлгермеген iPhone смартфондарын бұғаттайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#iPhone #смартфон