$ 446.49  475.38  4.79

«Ит секілді үйге қамап қойдыңыз»: Қуат Хамитов Тоқаевқа ВИДЕО үндеу жолдады

Бұл ақшаға бүкіл Қазақстанды ғана емес, Өзбекстан мен Қырғызстанды да емдеуге болатын еді.
Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов коронавирус мәселесіне қатысты Президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы спортшы Instagram-парақшасында жазды. 

"Ассалаумағалейкум, достар! Сіздерден өтініп сұраймын. Коронавирус жоқ, коронавирустың бары өтірік деп жазуды, айтуды қойыңыздаршы. Осы ауру жоқ деп. Себебі біз әр айтқан сайын мемлекет бізді сендіру үшін ұшақ пен тікұшақ жіберіп, танк жіберіп біз ауырып, ауруханаға түсіп аурудың барына сену үшін неше түрлі шаралар қолданады. Сол үшін өздеріңізді сақтаңыздар. Маска тағыңыздар. Біздің Президенттің үндеуіне байланысты айтсам, мен статистика мен ертегіден басқа ешнәрсе көрген жоқпын. Біз екі ай үйде ақшасыз, тамақсыз отырдық. Сол кезде мемлекет бізге ешнәрсе берген жоқ, қайтадан ауырмауымыз үшін ешнәрсе жасаған жоқ. Мемлекет бұл ауруға 18 млрд доллар бөлінген екен. Көріп отырғанымыздай бұл ақшаның бәрі қажетсіз жаққа кеткен. Егер орынды жұмсалса, ешкім өлмес еді, балалар ауырмас еді, ауруханаға бәрін қабылдар еді, дәріханада дәрі толып тұратын еді.  Мен ойлаймын бұл ақшаға бүкіл Қазақстанды ғана емес, Өзбекстан мен Қырғызстанды да емдеуге болатын еді. Сондықтан Құрметті Тоқаев мырза, сіз тапсырманы орындай алмадыңыз,денсаулық сақтау министрлігін және бастан аяқ барлығын отставкаға жіберу керек, ел үшін жұмыс жасайтын қайтадан жаңа кәсіби мамандарды жұмысқа алу керек. Өйткені сіз екі ай бойы ештеңе істемедіңіз. Сіз адамдарды ит секілді екі ай үйге қамап қойдыңыз", - деді Қуат Хамитов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары