Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде ойран салып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кадрлардан күйінген әйел жан-жағына пышақ сермеп тұрғанын көруге болады. Оны бірнеше ер адам сабырға шақырғысы келеді, бірақ бұл әйелді одан әрі ашуландырады.
Әйел "Жақындама маған", - деп айқайлап, сөредегі заттарды лақтырған.
Сондай-ақ, оның аузынан әділетсіздік және үйде күтіп отырған балалары туралы сөздер шығады.
Ол құқық қорғау қызметкерлері келген соң "Өзімшілсіңдер!", - айқайлаған.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылған.