Алматыда екі зейнеткерді өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жақында зейнеткерлердің денелері Алматы қаласының Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен табылды.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол зейнеткерлердің үйіне тонау мақсатында келген. Ол, қарттардың оған қарсылық көрсеткенін, нәтижесінде, ол пышақты қолданғанын айтты.
"Бұл – 1932 және 1940 жылы туған ерлі-зайыптылар. Ата мен әженің жансыз мәйіттерін туыстары тауып алған, олар бірнеше рет хабарласып ала алмағаннан кейін дабыл қаққан. Пәтердің есігі сынған. Қарттардың өліміне денеге сұғылған бірнеше рет пышақ жарақаттары себеп болғандығы анықталды. Осы аса ауыр қылмысты ашу үшін шұғыл түрде тергеу-жедел тобы құрылды. Ұқыпты жұмыстың нәтижесінде күдіктінің жеке басы екінші күні анықталды және тұтқындалды. Бұл бұрын адам өлімі үшін сотты болған 1986 жылы туылған О.есімді азамат жайында. Екі жыл бұрын түрмеден босатылған", – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың шынайы себептері мен басқа мән-жайлары ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес ПД ТБ жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша белгілі болады.
Заттай айғақтар: қылмыс құралы және ұрланған мүлік тәркіленді.