12.07.2020, 04:38

Кішкентай баланы құтқармын деп 10 адам ажал құшты

Фото: azattyq-ruhy.kz
Әзірге оқиғаның нақты қалай болғаны белгісіз. Құтқарушылар тек 8 адамның денесін тапты.

Египеттің Александрия қаласында орналасқан жағажайда 10 адам суға батып қайтыс болды деп жазады РИА Новости. Аталған жағажайды билік коронавируспен күресу үшін бұған дейін жапқан болатын.

Аталған демалыс орнын жергілікті тұрғындар «өлім жағажайы» деп атап кеткен. Өйткені мұнда жүзуге келетіндер арасында жиі өлім тіркеледі екен. Күні кеше тағы осындай қайғылы оқиға болды.

Жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:20 шамасында суға ағып кеткен кішкентай баланы құтқарамыз деп 10 ересек ажал құшты. Олар полицияға ұсталмас үшін әдейі осындай таңғы уақытта шомылуға келген. Әзірге оқиғаның нақты қалай болғаны белгісіз. Құтқарушылар тек 8 адамның денесін тапты. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz