18 жастағы павлодарлық баланы ұрып-соққан күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Павлодар қаласында орын алған қатыгез соққыға жыққан күдіктілер тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.
"Қазіргі уақытта 19 жастағы облыс тұрғыны Павлодар қаласының УҰИ-на қамауға алынды".
Екіншісіне қатысты кәмелет жасқа толмағанын (17 жас) ескере отырып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу жалғасып жатыр.