Әлеуметтік желіде мәйітханадағы жағдай туралы видео пайда болды. Видеодан мәйіттердің қара қапқа ұқсат затпен оралғанын байқауға болады, деп хабарлайды «NewTimes.kz».
Іnstagram-дағы "БӘСЕ" парақшасына жүктелген видеоны көрген желі қолданушылары шошып, "жағаларын ұстауда". Видео авторының сөзінше, ол Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласында түсірілген.
Автордың сөзіне құлақтүрсек, кадрларда коронавирус инфекциясын жұқтырып, қайтыс болған марқұмдар еденде жатыр. Мәйіттердің қара және көк түсті материалдармен оралғаны анық көрініп тұр.
"Міне, біздегі көрініс осындай. Бізде коронавирус жұқтырған барлық мәйіттерді алды да, лақтырып тастады", - деген шулы видеоның авторы бейнежазбаны түсіру барысында.
Осы кезде әйелге кадр сыртындағы ер адам: "Қазір көлікті алып келейін," - деп үн қатқан. Осыдан кейін, видео түсіріп тұрған әйел бір бөлменің есігін ашып, тағы 2-3 мәйітті көрсетті.
Көпшілікті елең еткізген бұл видеоны көргендер ойларын сан-саққа жүгіртуде. Тіпті, пікір жазушылардың басып көпшілігі бұл әрекетке наразылықтарын білдіріп жатыр.