Қырғызстандағы "Бастамашыл жастар орталығының" белсенділері инстаграм парақшаларында ерікті қыздың жанайқайын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Көзіне жас алған қыз ауруханада пневмониямен ауырған науқастың өмірін құтқара алмай қалғанын айтты.
Бойжеткеннің айтуынша, оған ер адамның өмірін сақтап қалуға жеті минут жетпеген. Ол дәрігерлерді науқасты қабылдауға көндіремін деп баға жетпес уақытты жоғалтып алғанын айтады.
«Егер оны аппаратқа қосқанда, құтқарар едік. Жансақтау бөлімінде орындар жеткіліксіз, сондықтан адамдар күн сайын өледі. Мен дәрігерлерге науқасты кейінірек алып кетемін деп уәде бердім, бірақ қазір оны аппаратқа қосуым керек. Ол тұншығып тұр дедім. Ақымақ үкімет! Науқас маған қазір өлетінін айтты және қызына оны қалай жақсы көретінін айтуымды өтінді», - деп жылады қыз.
Оқиғаның нақты қай ауруханада қай күні болғаны әлі анықталған жоқ.