Қызылорда қаласында 9 жасар қызға белгісіз азамат жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 16 шілдеде болған. Ер азамат 9 жастағы қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. Азғындық жасаған белгісіз ер адам ісін бітіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
"Күдіктіні анықтау мақсатында облыстық полиция департаменті және Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан жедел тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, 26 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. Ол кінәсін толығымен мойындады", - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері.
Органдағылардың хабарлауынша, қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалған. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер" бабымен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.