21.07.2020, 11:20

Қайтыс болған ер адам жұрттың зәресін ұшырды

Фото: youm7
Біраз уақыттан соң отбасына жергілікті аурухана қызметкері хабарласып, клиникаға ер адамның мүрдесі жеткізілгенін айтқан.

Мысырда осыдан төрт ай бұрын жерленген ер адам зиратта тірі табылды, деп хабарлайды Sputniknews.kz Youm 7-ге сілтеме жасап.

Мохаммед Эль-Гаммаль осы жылдың қаңтар айында жоғалып кеткен. Отбасы қанша іздегенімен, таба алмапты. Туыстары ер адамның психикалық сырқаты болғанын және үйден жиі кетіп қалатынын айтқан.

Біраз уақыттан соң отбасына жергілікті аурухана қызметкері хабарласып, клиникаға ер адамның мүрдесі жеткізілгенін айтқан. Туыстары оны таныды. Дененің ДНҚ тесті алынды. Алайда олар тест қорытындысын күтпей, жерлеу рәсімін наурыз айының соңында өткізу керек деп шешкен.

Төрт айдан соң тұрғындар зиратта жүрген ер адамды байқап қалған. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, жоғалып кеткен Эль-Гаммаль екені анықталды.

Ер адамның 4 ай бойы қайда болғаны белгісіз.