Оқиғалар 22.07.2020 сағат 10:00

Семейліктер нөсер жаңбырдың салдарынан әбден әбігерге түсті

Ал жаңбырдан кейінгі дауылға көшедегі талдар шыдас бермеген.
Семейліктер нөсер жаңбырдың салдарынан әбден әбігерге түсті
фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Семейде нөсер жаңбыр мен бұршақтың соңы дауылға ұласып, жұртты әуре-сарсаңға салды. 20 минут жауған жауын бірқатар көшені суға толтырып, көлік қозғалысы қиындаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

Жаңбыр суының тереңдігі кей жерлерде шамамен 40 сантиметрге жеткен. Ал аспалы көпірдің төңірегіндегі арық жүйелері жиналған суды ағызып үлгере алмады. Соның салдарынан ондаған көлік көлшікке батып, жолда қалған. Тіпті кейбір көшелерде жаяу жүргіншілердің жүріп өтуі қиынға соқты. Қазір қаланың коммуналдық қызметінің арнайы сусорғыш техникалары селмен күресуде. Ал жаңбырдан кейінгі дауылға көшедегі талдар шыдас бермеген. 

"Осы ауа райының құбылуынан Семейдің кейбір көшелерін су басты. Лесная, Засядка көшелерінің бойында талдардың құлағаны туралы оқиға тіркелді. Және де қаладағы №2 қалалық аурухананың шатыры ұшқаны туралы ақпарат келіп түсті", - деді Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері Думан Икенов.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар