$ 444.22  476.38  4.82

«Мұны бұлай қалдыруға болмайды»: Алакөл аумағында құстар өліп жатыр (ВИДЕО)

Құстан анализ алсын деген ниетпен оны табиғатты қорғау ұйымына тапсырдық.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Алакөл маңында жабайы құстар неге екені белгісіз өліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құстардың қырылуы жайлы instagram-дағы "club_dobryakov_astana" парақшасында жазба жарияланды. Жазба авторының хабарлауынша, ол көптеген құстың өліп қалғанын көрген. Олардың көбісі үйректер.

"Бәрін телефонға түсіріп алдым, табиғатты қорғау ұйымының қызметкерлерімен сөйлестім. Олардың қимылдауға құлқы жоқ. Осыған байланысты, осы видеоның таратып, бөлісіңіздерші, өтінемін! Мен өзім 20-дан астам өлген құсты санадым. Біз бір ғана үйректі ұстап, құстан анализ алсын деген ниетпен оны табиғатты қорғау ұйымына тапсырдық. Мен өз есебім бойынша, сараптама жасағым келеді. Сондықтан институт өкілдерімен байланысқа шықтым. Олар әзірге экспедицияға келе алмайтындықтарын айтты. Бірақ, менің ойымша, мұны бұлай қалдыруға болмайды. Бұл жерде әртүрлі елдерден адамдар емделу үшін келеді. Көлдің емдік қасиеті бар, Қызыл кітапқа енген, мұнда сирек кездесетін құстар бар", - деп жазды құстардың қырылып жатқанын өз көзімен көрген желі қолданушысы.  

Айтпақшы, пост авторы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және БАҚ-ның ресми парақшаларын білгілеген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары