23.07.2020, 14:20

Ер адам әйелі мен қызының үйін сыртынан құлыптап, өртеп жібермекші болған (ФОТО)

Фото: uralskweek.kz
Әйел мен бала қашып үлгерген, ал полицейлер қаскүнемді ұстады, бірақ оны келесі күні таңертең босатып жіберген.

Орал полициясы бұрынғы әйелі мен қызының үйін өртеп жібермек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.

Зачаган кентінің тұрғыны Гүлмира Ихсанованы 20 шілде күні қызымен бірге тірідей өртей жаздаған. Әйелдің бұрынғы күйеуі Ғалымжан Саққазов үйдің үстіне бензин құйып, есікті жауып, өртеп жіберген. Әйел мен бала қашып үлгерген, ал полицейлер қаскүнемді ұстады, бірақ оны келесі күні таңертең босатып жіберген.

Әйел жиі ішіп келіп, өзін ұрып соққан бұрынғы күйеуімен 5 жыл бұрын ажырасқанын айтып отыр. Екеуі 17 жыл бірге некеде тұрған.

Өрттің салдарынан үйдің шатыры мен қабырғаларының бір бөлігі жанып кеткен. Келген шығынның құны 1 миллион теңгеге бағаланады. Бірақ Гүлмира бұрынғы күйеуінің осы соманы төлейтініне сенбейді де. Әйелдің айтуынша, ол балаларға ешқашан материалдық көмек көрсетпеген.

"Менің отбасымды жайын қалдырса екен деген бір ғана арманым бар", - дейді Гүлмира.

Зачаган полиция бөлімінің бастығы Тимур Айтуғанов екі адамның өміріне қастандық жасамақ болған және кінәсін мойындаған қылмыскердің неге әлі күнге де бостандықта жүргенін айтты.

"Біз оны түрмеге отырғыза алмаймыз, өйткені карантин жағдайында педофилия, адам өлтіру немесе зорлау сияқты аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді ғана қамауға алады. Өкінішке орай, Саққазовтың әрекеттері сотқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы туралы өтініш беруге ресми түрде негіз болмайды. Сонымен қатар, мен ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл - 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ауыр қылмыс. Қазір жеңілдетілген тәртіпте іс 15 күн ішінде сотқа беріледі, себебі күдікті өз кінәсін толық мойындады", - деп түсіндірді Айтуғанов.