25.07.2020, 11:15

Ақ костюм киген алматылық жігіт акция өткізді (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот
Өкінішке орай, шынымын де қауіп төніп тұрғаны кейбіреулердің санасына жетпейді.

Алматыда тұрғындарға маска таратқан жігіттің әрекеті түсірілген видео көпшілікке ұнап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видео Instagram-дағы "AntiCov" парақшасына жүктелген. Әлгі видеодан үстіне ақ түсті киім киіп, адамдарға маска үлестіріп беріп жүрген жігітті байқауға болады. 

Желіге жариялаған видеоның астына: "Маска тақ! Қазір карантин талаптарын сақтау өте маңызды. Қалай естілсе де, карантиннің жеңілдеуі мемлекетке емес, адамдардың санасына байланысты," - деп жазылған. 

Адамдарға қамқорлық көрсетіп, игі іс жасаған жігіттің әрекетін көргендер: "Жарайсың, рақмет!", "Әдем ролик", "Керемет! Өкінішке орай, шынымын де қауіп төніп тұрғаны кейбіреулердің санасына жетпейді", - деп оған қолдау білдірді.