$ 448.15  483.46  4.86

Ер адам мылтық атып, үш ауылдасын жарақаттады

Сосын қарудың ішіндегі оқтарын алып, тасқа соғып, мылтықтың ұңғысын майыстырып тастаған.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Батыс Қазақстан облысында ер адам мылтық атып, үш ауылдасын жарақаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында болды.

Ішімдік ішіп алған 1965 жылғы тұрғын, шаруа қожалығыныңбасшысы сол күні Хан ордасындағы ағасының үйіне «КамАЗ» көлігімен келген. Түскен бойда аула ішінде қамсыз тұрған адамдарды нысанаға алып, оқ жаудырған. Бес ересек және бір кәмелетке толмаған жасөспірім көліктерді қалқан қылып, жасырынған. Соның өзінде үш адам іш құрылысы мен аяғынан түрлі жарақат алған. Тағы бір ауыл тұрғыны ауылдастарына оқ атқан ер адамның артынан байқатпай келіп, мылтығын тартып алған. Сосын қарудың ішіндегі оқтарын алып, тасқа соғып, мылтықтың ұңғысын майыстырып тастаған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарақат алғандардың үшеуі де – 1993 жылғы, 27 жастағы ауыл тұрғындары.

Қазіргі кезде күдікті тергеу изоляторында отыр. Бөкей ордасы полиция бөлімі ҚР ҚК 24-бабы, 3-бөлігі 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағына (адам өлтіруге оқталу) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары