$ 494.87  520.65  4.91

Карантин кезінде ХҚКО-дағы кезегін сататын «саудагерлер» көбейді

Заңсыз сауданы тоқтату мақсатында мамандар онлайн кезек тәртібін өзгертуге мәжбүр болды.
фото: www.mediaon.kz
фото: www.mediaon.kz

Пандемияға қарамастан көлік сатамын, сатып аламын деген қарапайым халықтың қарасы қалың, деп хабарлайды Астана арнасы.

МХҚКО карантинге байланысты белгілі шектеулер енгізген және онлайн кезекке тұрып белгіленген уақытта кіру мүмкіндігі қарастырылған. Бірақ онлайн жүйеде «ақау шықты» деп осында келіп кезекке тұрғандардың да саны аз емес. Ал ішінде санитарлық шаралар, қауіпсіздік шаралардың сақталғаны күмән тудырады. 

Көлік номерін ауыстыруға немесе тіркеуге келген елордалықтарды жарты күні кезек күтумен кетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бүгінгі жағдай осы.

 "Халыққа қызмет көрсету орталығы жақсы ұйымдастырылған деп ойлаймын. Бірақ шетелмен салыстырғанда, мысалы Грузиямен, онда 5-10 минут ішінде басып, шығарып береді", - деді Нұр-Сұлтан қаласының Алмас есімді тұрғыны. 

 Орталықтар жұмысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жақсы біледі. Бірақ бұрындары құжаттар рәсімі әлдеқайда жылдам қаралатын еді.

"1-1,5 сағат ішінде барлығы шешілді. Мен осыдан 3 жыл бұрын көлік стаып алғанмын. Ешқандай проблема кездескен жоқ. Енді оны құзіретті орган өкілдері түсіндірер", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Құзыретті органдардың сөзіне сенсек бұл келеңсіздік карантиндік шектеулерге байланысты пайда болды. Бұрын жұмыс уақыты таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін болса, қазір орталық түскі 3-ке дейін ғана жұмыс істейді. Пандемия кезінде орталық онлайн кезек үрдісін енгізіпті. Алайда, оны кейбір пысықтар өз пайдасына жаратып, жақындап қалған кезегін сататын болған. 

  "Біз ол кісілермен сөйлестік. Олар он күнге дейін бронь жасап қояды. Өйткені клиентіміз машинамызды қай күні алатынын білмейміз дейді. Қай уақытта алады, сол уақытта броньмен келеміз, сол үшін осылай бронь жасап қоямыз деп айтып жатыр", - деді Нұр-Сұлтан қаласы МХҚКО-ның бөлім басшысы Дәулет Дүйсембеков. 

Заңсыз сауданы тоқтату мақсатында мамандар онлайн кезек тәртібін өзгертуге мәжбүр болды.

"Бронь жасайтын кезде өзіңіздің ЖСН-іңізді көрсетесіз. Оған қоса автокөлік нөмерін көрсетесіз. Ал бұған дейін тек ЖСН көрсететінсіз", - деді ҚР ЦДИАӨ министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Бекманов. 

"Онлайн кезектің жаңа тәртібі тамыздың 3-нен бастап жұмыс істейді. Бұл жүйе орталық жұмысын да жеңілдетуі тиіс" дейді мамандар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары