30.07.2020, 10:40

Маңғыстауда жол бойынан ер адамның мәйіті табылды

Фото: nur.kz
Тергеу жүріп жатыр.

Бекет ата жерасты мешітінен 40 шақырым қашықтықтан 30 бен 40 жас аралығындағы белгісіз ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомстваның хабарлауынша, 28 шілде күні 102-қызметіне ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Қарақия ауданының жедел тергеу тобы жіберілген.

«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай жүйесіне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлімі» бабы бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттен.