31.07.2020, 16:39

Алматы облысында қыз алып қашпақшы болғандар құрықталды

фото: informburo.kz
Қызға Рамазан Асилов есімді жігіт көмектескен.

Қызды кездейсоқ куәгер қызды құтқарып қалған. Бұл туралы блогер Алексей Цой Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Блогердің айтуынша, оқыс оқиға Алматы облысында болған. Қызға Рамазан Асилов есімді жігіт көмектескен. Ол осыдан бірнеше күн бұрын 3 жігіт қызды күшпен көлікке отырғызып жатқанын көріпті. 

«Қыз осы сәтте өмірден үміт үзгенін айтады. Қызды алып қашпақшы болған жігіттің бірі онымен бірге әскери бөлімде жұмыс істепті. Бірақ қыз оны жақсы білмейтінін айтады. Жігіт келісімшарт бойынша қызмет еткен. Ол қызды қалаға дейін жеткізіп тастайын деп ұсыныс айтқан. Қыз келіскен.

Бірақ ол жолда кездейсоқ достарын кездестіріпті. Жігіт оларды да тиісті жерге жеткізбекші болған. Алайда ол қалаға баратын жолды емес, басқа жолды таңдаған. Мұны байқаған қыз ашулана бастаған. Осы сәтте әскери қызметкер қызға «Үніңді шығарма» деп аузын жауып тастапты. Жолда олар аялдама жасаған. Қыз осы сәтті пайдаланып, көліктен атып шығып, адамдардан көмек сұрай бастаған» - деп жазды Алексей Цой. 

«Осы кезде қыз жанармай құю бекетіне қарай жүгірген. Бірақ ол бекетке барып үлгермеген. Жігіттер оны қуып жетіп, күшпен көлікке отырғызған. Осы сәтте оларды Рамазан көрген. Ол жігіттерді қумақшы болады, бірақ олар қашып үлгереді. Рамазан патрульді полиция қызметінің көлігін көріп, оларға болған жағдайды айтып берген», - дейді Цой.

Рамазанның айтуынша, қызды алып қашқан көліктің артынан полиция қуған.

«Осы уақытта Рамазан 102 телефонына хабарласып, көліктің маркасын, оның нөмірін айтып берген. Кейін қызды алып қашқан жігіттердің ұсталған. Қазір олар полицияға түсінік беріп жатыр», - дейді блогер.