04.08.2020, 13:00

Оралда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты: қайтыс болғандар бар (ВИДЕО)

Жол апаты қаладағы Исатай-Махамбет көшелерінің (бұрынғы Чагано-Набережная көшелері) қиылысында болған.

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Жол апаты қаладағы Исатай-Махамбет көшелерінің (бұрынғы Чагано-Набережная көшелері) қиылысында болған. №2 жолаушылар автобусы мен ВАЗ 2110 көлігі соқтығысқан. Салдарынан бір жолаушы қаза тапқан.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы бұл жол апатына қатысты ақпаратты кейін беретінін атап өтті.