Тасбөгет кентіндегі Сырдария өзенінен жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"2020 жылғы 4 тамызда 21 сағат 30 минутта Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің тұсындағы Сырдария өзенінің шомылуға тыйым салынған аймағына 1995 жылы туылған ер адамның суға түсіп қаза болғандығы анықталды.
Дереу жедел құтқару жасағынан 1 техника, 1 маторлы қайық және 5 қызметкер күшімен іздестіру жұмыстары жүргізілді. 2020 жылғы 5 тамыз 08 сағат 12 минутта денесі табылып, судан шығарылды", - делінген Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз хабарламасында.
Бұл қайғылы жағдайлар тұрғындардың тыйым салынған қауіпті су айдындарында суға шомылып, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болуда.
Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына жазғы суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және тыйым салынған қауіпті аймақтарда және мас күйінде суға шомылмау жөнінде ескертеді.