$ 445.66  474.58  4.78

Мемлекетке 1 млрд теңге шығын әкелген екі әйел сотталып кетті

Ведомствоның мәліметінше, Өскемен қаласының екі тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында туыстары мен сенімді тұлғаларының атына жалған 5 кәсіпорынды тіркеген.

Шығыс-Қазақстан облысының екі тұрғыны жалған 5 кәсіпорын ашып, қаражатын заңсыз жолмен қолма-қолға ақшаға айналдырған.

«ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында екінші деңгейлі банктерден жүйелі түрде ақшаны қолма-қолға айналдыру фактісі анықталды», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Өскемен қаласының екі тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында туыстары мен сенімді тұлғаларының атына жалған 5 кәсіпорынды тіркеген. Кәсіпорындардың номинальды басшылары қаржылық-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Бухгалтерлік есеп жүргізіп, салық есептілігін ұсынбаған. Кәсіпорында жұмысшылар штаты мен кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті мүліктер болмағаны да анықталды.

«Іс жүзінде, кәсіпорындар контрагенттерге тауарсыз шот-фактуралар, үстеме ақша және келісімшарттар жазу мен салық төлеуден жалтару мақсатында, шығындардың бір бөлігін заңсыз өсіру үшін қылмыстық іс-әрекетте пайдаланылған. Нәтижесінде, мемлекетке төленбеген салық түрінде 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілді», - делінген аталған хабарламада.

Екі әйел де ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-тармағы және 216-бабы 3-тармағына (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары