$ 449.3  489.69  4.89

Есік қаласында автокөлік газ цистернасына соғысып, жарылыс болды

Оқиға салдарынан денесін күйік шалған 72 жастағы Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісін ауруханаға жеткізді.

Алматы облысы Есік қаласында арты жарылысқа ұласқан жол көлік апаты орын алды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"6 тамыз сағат 10:15 шамасында Алматы облысы Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданы "Әлем Ойл" жанармай бекетінің аумағында Land Cruiser Prado автокөлігі газ цистернасына соқтығып, салдарынан жарылыс туындап, Hyundai Tucson және Land Cruiser Prado көліктері өртенді. Сонымен қатар 700 шаршы метр аумақты алатын құрғақ шөп өртке оранды. Алматы облысы ТЖД күші мен құралдары арқылы өртті сағат 10:52 де ауыздықтады" делінген жергілікті ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Оқиға салдарынан денесін күйік шалған 72 жастағы Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісін ауруханаға жеткізді. Денесінің 90%-ы күйіп қалған, қазіргі кезде ауыр халде жатыр. Екінші зардап шеккен адам 1990 жылғы жанармай бекетінің қызметкері. Кеуде тұсынан жарақат алған азамат медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары