$ 446.49  475.38  4.79

ҰҚК есірткі өндірісін ұйымдастырған екі адамды ұстады

Одан басқа, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 кг есірткі жасау үшін жеткілікті бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер  алынды.

2020 жылғы 27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында зертхана жағдайында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған Қазақстанның екі азаматын ұстады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Зертхананы, ұсталғандардың тұрғын үйі мен автокөлігін тінту барысында сатуға дайын және кристалдау кезеңінде тұрған жалпы алғанда 55 кг-дан артық жоғары сапалы «мефедрон» есірткі заты (алынған партияның «қара нарықтағы» құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды), сондай-ақ ірі сомадағы шетел валютасы мен атыс қаруы алынды. 

Одан басқа, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 кг есірткі жасау үшін жеткілікті бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер  алынды.

Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды. Есірткі жасау және өткізу фактісі бойынша мүлікті тәркілеумен он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға «Іле-Алатау ұлттық паркі» аумағында коттедж сатып алып, онда «мефедрон» өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан.    

Өнеркәсіп ауқымындағыдай өндірілген есірткі ірі партияларда Интернет желісінің «DarkNet» көлеңкелі сегментінде әрекет ететін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне өткізіліп отырған. Бұл ретте, есірткі үшін төлемді басым көпшілігінде биткоиндармен алған.  

Ұсталғандардың айтуы бойынша, өндірілген есірткі Қазақстанда тазалығы мен сапасы бойынша ұқсасы болмағандықтан, ірі қалалардың сатып алушылары арасында жоғары сұранысқа ие болған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары