Үндістанда "Air India Express" компаниясының ұшағы әуежайға қонар кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.
Ұшақта 190 адам болған. Оның 174-і ересек адам болса, 10-ы бала және екі пилот, 4 эпипаж мүшесі болған. Әуе кемесі Үндістанға Дубайдан оралған.
Ұшақ шетелде қалып қойған жолаушыларды елге алып келу мақсатында Дубайдан ұшқан.
Жергілік БАҚ-тың хабарлауынша, апат кезінде 20 адамның қаза болған, ал 140 адам түрлі жарақаттанған.
Керал штатының министрі Пинарайя Виджаянның айтуынша, қазіргі кезде апаттан адамдарды құтқару жұмыстары аяқталып, ұшақта болғандардың барлығы ауруханаға жеткізілген.