09.08.2020, 06:05

Шымкент тұрғыны 90 миллион теңгенің алтынын қолды қылған

фото: informburo.kz
Күдікті алтынның бір бөлігін базар жанындағы ломбардқа кепілдікке тастаған. Ал қалған алтын бұйымдар 1982 жылы туған әйелден тәркіленіп алынды.

Шымкент қаласының Абай аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны өзінің сеніп тапсырылған мүлкін біреудің ысырап етіп алып кету жайты туралы арызданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Арыз бойынша, оның танысы базардағы алтын павильонынан алтын және бриллиант бұйымдарын алып кетіп, салдарынан 90 миллион теңге мүліктік шығын келтірген.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігімен («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») қылмыстық іс тіркелді.

Күдікті алтынның бір бөлігін базар жанындағы ломбардқа кепілдікке тастаған. Ал қалған алтын бұйымдар 1982 жылы туған әйелден тәркіленіп алынды.

Осы аталған қылмыс бойынша Түркістан облысының тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласының ПД Абай аудандық полиция басқармасының тергеу бөліміне жеткізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.