Қызылорда қаласында 30 жастағы азамат Шіркейлі каналына суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, бүгін жергілікті уақытпен таңғы 6.00-де ол бетін жуып жатқан сәтте абайсызда каналға құлап кеткен.
«Аталған шақырту бойынша құтқарушылар мәйітті іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Әзірге табылған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ, Қызылордада балық аулауға шыққан адам суға батып кетті.